457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушыны мектепке ауыстыру қызметі автоматтандырылды

Ол үшін есептен шығару және бекіту талондары мен жеке іс құжаттарын тапсыру қажет емес

Оқу-ағарту министрлігі елімізде балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын хабарлады.   


Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екіншісіне үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында ауыстыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектепті таңдар кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
• «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
• қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Айта кетейік, жаңа мемлекеттік қызмет түрін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп әзірледі.

Фото: diapazon.kz

Самое читаемое