457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда жеті күн болады.  Мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. 


Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:

Атап айтқанда, "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" мектепішілік іс-шарасы өтеді.

Сонымен қатар, "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы, "Күзгі асар" жәрмеңкесі, "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Фото: Gov.kz 

Самое читаемое