Мектептерде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған ба?

Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптасып келеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.
Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
«Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам», - деп атап көрсетті оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бұтабаева.
Фото: Gov.kz