457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-анасына арналған қосымша іске қосылады

Ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие беру бойынша ақпарат ұсынылады

Ата-аналарға көмек көрсету үшін «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылады. Ол балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық жәрдем беруге арналған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие беру мен дамыту бойынша ақпарат ұсынады. Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген. Сонымен қатар, төл мәдени-тарихи құндылықтарымыз ескерілген.

«Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады», - деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады.

Фото: z-taraz.kz  

Самое читаемое