457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

IBO-2024 олимпиадасында Қазақстан құрамасы 4 қола еншіледі

Олимпиадаға 81 елден 305 жас биолог қатысты

Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміздің құрамасы 100% медаль көрсеткішіне қол жеткізіп, төрт қола медаль қанжығалады:

Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Әмина Тынырбай – Қызылорда облысы №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Нұртөре Төреханұлы – Шығыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;

Диас Сүлейменов – Ақтөбе облысы «Білім- Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Айта кетейік, International Biology Olympiad – оқушылар арасындағы халықаралық ең мықты 7 олимпиаданың бірі.

Олимпиада күндері 81 елден келген 305 жас биолог пен 275 ғалым тәжірибе алмасты. Бір апта бойы қатысушылар биохимия, молекулярлық биология, биоинформатика және жан-жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы бойынша екі теориялық, төрт практикалық турда сынға түсті. Барлық тапсырманы Қазақстанның жас биологтары әзірлеген.

Қатысушылар мен қонақтар сондай-ақ елорданың көрікті жерлерін аралап, Бурабайда «Көшпенділер әлемі» этноауылында болып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысты.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Самое читаемое