457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биылғы оқу бағдарламасына «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді

Ол буллингке қарсы сабақ ретінде өтеді

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады, деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – «Қауіпсіздік сабағы» енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Фото: diapazon.kz

Самое читаемое