457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биыл 1 сыныпқа 351 мың бала қабылданды, оның 70%-ы қазақша

Сондай-ақ, 11 сынып оқушыларының саны да рекордқа жеткен

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көбі Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың) және Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам бала білім алмақ.

Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындар да 219 мыңнан асқан. Бұл рекордтық көрсеткішке саналады.

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтіледі.

Фото: diapazon.kz

Самое читаемое