457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада балабақша жетіспейді

57 283 бала кезек күтіп тұр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі балабақшалардың жай-күйі туралы айтты.

Оның айтуынша, елімізде 950 мыңнан аса бала қамтылған 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар.

«Былтыр 66 мыңнан аса орынға 613 балабақша ашылды, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 91,5 пайызға дейін өсті. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр. Астанада әлі де балабақшалар жетіспейді. Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 81 пайыз", - деді Бейсембаев елордада өткен педагогтер форумында.

Ал мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға кезекте тұрған балалар саны - 57 283 адам.

«2025 жылға дейін бұл мәселені шешу үшін 10 балабақша ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 11 712-сі астананың балабақшаларында», - деді министр. 

Фото: Gov.kz 

Самое читаемое