457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қаржы министрлігі "Кітапхана" мен Ақорда шығынын айтты

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Президент Әкімшілігі, Президент іс басқармасы, Қазақстанның бұрынғы президенті мен премьер-министірінің канцелярияларының шығыны  қаңтар-шілде айларында 81 млрд теңге болған.

«ПӘ шығыны қаңтар-шілде айларында – 4,08 млрд теңге,  премьер-министірінің канцеляриясының шығыны – 2,25 млрд теңге, бірінші президент-Елбасы канцеляриясы шығыны  – 1,07 млрд теңге, Жоғары сот кеңесінің аппараты шығыны – 138 млн теңге, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық шығыны – 99 млн теңге» деп жазылған «Статистикалық бюллетень 2020 жылғы 1 тамызына» деген құжатта.

Президент іс басқармасы қаңтар-шілде айларына 73, 7 млрд теңге жұмсапты.

Жоғары Сот шығыны – 30 млрд теңге, Бас прокуратура – 20 млрд теңге, Мемлекеттік күзет қызметі – 12 млрд теңге, Орталық сайлау коммисясы – 1 млрд теңге, Конституциялық кеңес аппараты – 236 млн теңге шығын жасаған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шығыны – 1,308 трлн теңге, Денсаулық сақтау министрлігі – 879 млрд теңге, Қаржы министрлігі  - 693 млрд теңге, Индустрия және инфраструктуралық дамыту министрлігі – 477 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі – 232 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі – 210 млрд теңге, Қорғаныс министрлігі – 172 млрд теңге, ауыл шаруашылығы министрлігі – 134 млрд теңге, Ұлттық экономика министрлігі – 102 млрд теңге, сыртқы істер министрлігі – 57 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі – 52 млрд теңге, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 48 млрд теңге, Сауда және интеграция министрлігі – 39 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 30 млрд теңге, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – 29 млрд теңге, Энергетика министрлігі – 3 млрд теңге жұмсаған.

Жемқорлыққа қарса іс-қимыл агенттігі – 10 млрд теңге, Мемлекеттік қызметтер агенттігі мен қаржылық даму және жоспарлау агенттігі 3 млрд теңгеден ақша жұмсаған.

Самое читаемое