457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павел Дуров қамаудан босатылды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 28 тамызда қамаудан шықты.

Соттың бақылауына алынып, оған Франциядан кетуге тыйым салынды. Павел Дуров Telegram қосымшасының модерациясының болмауына және құқық қорғау органдарымен ынтымақ орнатпауына байланысты қудалауға ұшыраған. Ол 24 тамызда Ле-Бурже әуежайында қамауға алынған.

Төрт күннен кейін бес миллион еуро кепілдікпен босатылды. Ол аптасына екі рет полицияға барып, белгіленіп отыруға міндетті.

Дуровтың ісіне байланысты прокуратура мәлімдемесінде көрсетілген заңғы қайшы әрекеттер: құқық қорғау органдарына тергеу жүргізуге қажет ақпаратты бермеу, киберқылмыс, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, криптология құралын алдын ала декларациясыз импорттау және балалардың порнографиялық суретін таратуға қатысу.

Фото: ВВС
 

Самое читаемое