457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Палестинадағы соғыста 115 сәби көз жұмған

БҰҰ олардың жартысына жуығы 1 айға да толмағанын мәлімдеді

БҰҰ Газа секторындағы соғыс қимылдары кезінде 115 нәрестенің қайтыс болғанын хабарлады. Ресейлік ТАСС ақпарат құралының жазуынша, БҰҰ-ның Палестина аумақтарындағы гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы осылай мәлімдеген. Қаза тапқан сәбилердің арасында 48-і әлі бір айға да толмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлемдік ұйым мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы 8 айға дейін болған.

Сондай-ақ, бұған дейін Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 1 тамызда жеке басы анықталған және құжатталған 32,3 мың адамның арасында 10,6 мың бала, оның ішінде 663 бала бір жасқа дейінгілер екенін хабарлаған.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай 2023 жылдың 7 қазанында басталған еді. Газа секторынан Хамас ұйымы өкілдері Израиль аумағына еніп, шекара маңындағы елдімекендердің тұрғындарын өлтірген, 240-тан астам адамды кепілге алған. Бұған жауап ретінде Израиль Хамастың әскери және саяси құрылымын жою және кепілге алынған адамдардың барлығын босату үшін «Газа» операциясын бастады.

Фото: Hatem Ali / Associated Press / East News

Самое читаемое