457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Орынбордағы су тасқыны: барлық су Жайыққа 5-6 күнде жетеді

Қазіргі уақытта Орынбордағы су деңгейі 10,75 метр болып отыр.

Ресей Федерациясының мәліметінше, Орынборда су тасқынының шарықтау шегі 12 сәуірде аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі 17-19 сәуірде болады деп күтілуде. «Қазводхоз» хабарлағандай, Ириклинск су қоймасы мен Сақмара өзенінен ағызу есебінен одан әрі көтерілу күтілуде. Қазіргі уақытта Орынбордағы су деңгейі 10,75 метрді құрап отыр, бұл - тарихи максимум.

1957 жылы Орынбордағы Жайықтың деңгейі 9,74 метрге жетті.

Яғни, ондағы қазіргі жылдамдықпен түзілген судың барлығы 5-6 күннің ішінде Оралға жетеді, - деп хабарлады «Қазводхоз».

Еске салсақ, бұған дейін Орынбор маңындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайық өзенінде су деңгейі 931 см-ге жеткенін, бұл қауіпті белгіден 1 сантиметрге артық екенін хабарлаған едік.

Фото: ural56

Самое читаемое