457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конгода эбола індеті қайта өршуі мүмкін

Эбола індетіне ұқсас белгілері бар сырқаттан сегіз адам қаза болды

Конго Демократиялық Республикасында 10-22 қаңтар аралығында Эбола індетіне ұқсас белгілері бар аурудан сегіз адам көз жұмды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады. 

Конгоның солтүстік-батысында Эбола індеті қайта өршуі мүмкін. Бұл туралы Экватер провинциясындағы Қызыл Крест комитетінің басшысы Коломба Мампуяға сілтеме жасаған Actualite жаңалықтар порталы хабарлады.

Қаңтардың 10-ы мен 22-сі аралығында провинцияда Эбола індетіне ұқсас белгілері бар сырқаттан сегіз адам қаза болды. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны – 12. Өлгендерден алынған сынамалар зертханаға жіберілген.

Тек зертхананың нәтижелері ғана аймақ үкіметіне Эбола вирусының қайта пайда болғанын немесе жоқтығын ресми түрде жариялауға мүмкіндік береді, - деді Мампуя.

Айта кетейік, Эбола індетінің ең соңғы өршуі Экватер провинциясында 2022 жылдың сәуір-шілде айларында болған. Сол кезде ауру жұқтырған бес адамның барлығы көз жұмған.

Фото:  report.az

 

 

Самое читаемое