457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш келеді

Ол ШЫҰ саммитіне шақырылған

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ол 3-4 шілдеде Алматы мен Астанада болып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен және БҰҰ қызметкерлерімен кездеседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің кеңсесінің мәлімдеуінше, Бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылған. Ол ШЫҰ Плюс сессиясында сөз сөйлемек.

Айта кетейік, бұл БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқысы 2017 жылы болған.

Фото: Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі

Самое читаемое