457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Беларусьта жергілікті уақытпен 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың қатысу үлесі 56,64% құраған. Сондықтан сайлау өтті деп саналады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті БЕЛТА агенттігінің мәліметінше, сайлау б юллетендерін қолдану көрсеткіші Брест облысында 61,34%, Витебск облысында — 54,40%, Гомель облысында — 62,84%, Гродно облысында — 54,96%, Минск облысында — 54,27%, Могилев облысында — 58,71%, Минск қаласында — 51,29%.

Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес, егер сайлау тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса сайлау өтті деп есептеледі.

Айта кетейік, сайлауға 5 кандидат түскен. Оның бірі қазіргі президент Александр Лукашенко.

Фото: belta.by

Самое читаемое