457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ Украинаға қарсы «шабуылға» шықты

 Ақ үйдегі сәтсіз келіссөз, сәтсіз кездесуден соң АҚШ-тың Трамп бастаған жаңа басшылығы Украинаға, президент Зеленскийге қарсы «шабуылға» шықты. Бұл шабуыл – қарусыз шабуыл. Ақпараттық шабуыл!

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио: «Біз Киевке сан мәрте айттық. Әуелі ұрысты тоқтату керек. Сосын кепілдік жайы келісіледі», - деді.

АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник: «Зеленский Вашингтонға бейбітшілікпен келмейінше, АҚШ Украинаға ештеңе бермейді. Ақша да, әскери көмек те! АҚШ Киевке қауіпсіздік кепілдігін бермейді. Ал Зеленскийдің Вашингтонға бұлай талап қоюы қисынсыз», - деді.

ФТБ Директоры Кеш Пател: «Украина – заңсыз ақшаны заңдастыратын коррупция орны», - деді.

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц: «Бізге АҚШ-пен де, Ресеймен де іс жүргізе алатын лидер керек. Егер Зеленскийдің жеке және саяси мотвтері ұрысты тоқтатуға сәйкес келмесе, іс насырға шабады», - деді.

Президент Зеленский былай деп жауап берді:

Егер Украинаны НАТО-ға қоссаңыздар, мен президенттіктен бүгін-ақ кетуге дайынмын. Украинада сайлау өткізу – Зеленский қайта президент болмайды деген сөз емес. Мені қазір кетіру оңай емес. Сайлау өткізу оңай. Мені кетіру үшін алдымен оларға мені сайлауға қатыстырмауға қам жасауы керек», - деді.  

Нұргелді Әбдіғани, саяси сарапшы    

Фото: rbc.ua  

Самое читаемое