457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады

Қазір Африкада маймыл шешегі өршіп тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, вирустың өршуі жарты жылдан кейін ғана тоқтауы мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.


Жақын арада маймыл шешегіне қарсы 230 мың екпе Конго мен тағы бірнеше мемлекетке  жеткізілмек. Дозалармен Еуропалық комиссия мен даниялық шешек вакцинасын өндіруші Bavarian Nordic қамтамасыз етіп отыр және бұл вирустың таралуын бәсеңдету үшін жеткілікті дейді.

Айта кетсек, шілде айында Африканың бірқатар елінде маймыл шешегінің жаңа штамы тіркеліп, көрші елдерге тез тарала бастаған. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады.

Тедростың айтуынша, биыл Конгода шешек ауруының 18000-нан астам жағдайы тіркеліп, 629 адам қайтыс болды, ал Бурундиде 150-ден астам жағдай расталды.

Фото: pharmmedprom.ru

Самое читаемое